Мұңаюға уақытыңыз болмасын
Көңіл-күйіңіз болмағанда, төмендегі 10 әрекетті жасауға ұсынамыз:
1. Кез келген адам өмірін өзгертуге құқылы екенін есте сақтаңыз.
Мұны шын жүрекпен қаласаңыз болғаны. Өміріңізді өзгертуді ойыңызды өзгертуден бастаңыз. Үнемі жамандық жайында ойлай берсеңіз, оның сізге келетіні анық. «Ойлаған дүниенің барлығы да орындалады» деген сөзді естіген боларсыз. Бұл сөздің мағынасы неде деп ойлайсыз? Сенбеген жағдайда тексеріп көрсеңіз болады.
2. Ойыңызды жақсы жаққа өзгертіп ғана қою аздық етеді. Мұнымен қатар үнемі жақсы сөздер айтып жүгеніңіз жөн. Үйіңіздегілерге, достарыңызға, жұмыстағы әріптестеріңізге өміріңізде барлығы да жақсы болып жатқандығын айтыңыз. Жаныңызда отырған адамдардың «Мына заман қайда барады» деген көзқарасын бөлісуден аулақ болыңыз. Сіз үшін өмір күннен күнге нұрланып, тек жақсылық сыйлауда.
3. Мәселелеріңізді ішімдіктің көмегімен шешуге тырыспаңыз. Олар керісінше көбейе түседі. Мұнымен қоса денсаулығыңыз бен көп ақшаңызды жоғалтасыз. Осы секілді шылым шегуден аулақ болыңыз. Мұндай әрекетіңіздің салдарынан өмірлік ауру болып қалуыңыз мүмкін.
4. Қаймыққан сәттеріңізде спортпен айналысыңыз. Спорт көңіл-күйіңізді көтеріп, миыңызды сергітеді. Міндетті түрде әлем чемпионы болудың қажеті жоқ. Таңғы жүгіру, бассейінде жүзу де жетіп қалады. Бұл тәніңізді сауықтырып ғана қоймай, жаныңызды да жадыратады.
5. Өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге махаббаттың құдіреті жетеді. Өміріңізге позитивтілікпен бірге бақыт әкеледі. Құдіретті сезім күш-қуат беріп, үлкен жетістіктерге жетуге себепші болады.
6. «Қайғыға көз жасыңмен көмектесе алмайсың» деген өтірік сөз. Кейде өмірдің қаншалықты керемет екендігін түсіну үшін бір рет жылап алудың өзі жеткілікті.
7. Қандай қиын жағдайға тап болсаңыз да, оның жақсы жақтарын ғана көруге тырысыңыз. Ол соншалық қайғыруға лайық па? Кейбір адамдар сізден де қиын жағдайда жүр. Олардың ешқайсысы мұңаймайды, керісінше, қуанып, өмірін өзгертуге барын салуда.
8. Көңіл күйіңіз болмағанда, жалғыздықты аңсап, көпшіліктің ортасынан қашып кеткіміз келіп тұрады. Бұл дұрыс шешім емес. Керісінше, жаныңызды түсініп, сізді тыңдауға әзір адамдардың жанында болыңыз.
9. Өзіңізді аяғанды қойыңыз. Әрекет жасаңыз. Қажет болса, өміріңізді жаңа парақтан бастап көріңіз.
10. Жақындарыңыз бен достарыңыздан көмек сұрауға ұялмаңыз. Мұндай сәттерде көмек алудың маңызы зор. Мұның өзі қиын жағдайдан шығуға әсерін тигізеді.