#Деген_екен...
1.Жұмысқа орналасуға келген бір жігітке айтылған сөз:
-Бауырым, биографияң келгенімен географияң сәйкес келмей қалыпты ғой.
2. Өзі айналдырған 70 депутатпыз. Соның ішінде кәсіпқой әртісі мен ғана, қалғандары әуесқой әртістер.
© Құдайберген Сұлтанбаев
*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*
1. Адам боп туу – анадан,
Айуан боп кету – өзіңнен!
2. Түрлі адамдар түрліше күн көреді.
Біреулер су, біреулер у береді.
Сен өмірге келіп те үлгермейсің,
Біреу сені жамандап үлгереді.
3. Сүюге ешкім оқытпас,
Оқытам десе, шақыртқыз.
Ғашықтар үшін жоқ ұстаз,
Бәріміз түгел шәкіртпіз.
© Қадыр Мырза Әли
*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*
1. Көктем келгенде ақылы жоқ ағаштардың жапырақ жамылып,ақылы бар қыздардың жалаңаштана бастайтыны өкінішті.
2. Пердесіз үйде туылып, қоршаусыз аулада ойнаған, бар сырын #net-те айтып, алғашқы махаббаты есінде қалмаған жастарға ұят жайлы айтуға ұяласың.
© Мұхамеджан Тазабеков
*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*
1. Еркектен қуат кеткенде, әйелден ұят кетеді:
Еркек қуатын сақтау үшін көзін тыйсын,
Әйел ұятын сақтау үшін сөзін тыйсын!
2. Қара қасқа қытайға қатын болған,
қарындасты көргенде күрсінемін.
Мың-миллион құмырсқа құрсағына,
илеу салып жатқандай түршігемін.
© Балғынбек Имаш
*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*
1. Кей қыздар етектерін жаппай бүгін,
Жауып жүр ауыздарын анасының.
Мектептің аттестатын алмай жатып-
Метіркесін алып жүр баласының.
2. Әуретіне ие бола алмаған қыз, әулетіне ие бола алмайды.
© Сайлау Сұлтан
*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*
1. Жігіттің жігіттігі арақты көп ішіп, мас болмайтындығымен, ал сұлудың сапасы қысқа юбканы аязда кисе де тоңбайтындығымен өлшенеді бүгін.
2. Әлеуметтік желіде кісі сөзінің салмақтылығы,ой-пікірі мен пайымының сапасы емес, суреті маңызды роль атқаратынына көзім жетті.
3. Кейде оңашада өз ойыңнан өзің шошисың; ойдан емес, сол ойдың тууына себепкер қоғам қорқынышты.
4. Өмір тек әділеттіліктен тұратын болса.
Мүмкін мұның өзі әділетсіздік шығар!
5. Қазіргі қыздар "Байға тию" дегенді,
"Бай кісіге тию" деп шатастырып алған секілді.
6. Бұл өмір саған кепілдік бермейді. Өмір тек мүмкіндік береді.
*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*
1. Ержеткенде бай болам, байыған соң туыстар ақша сұрап мазаны алмас үшін қақпаның алдына екі қабаған ит байлап қоям деген ағасына інісі: " Екі итті қайтесің, одан да бір жаман әйел ал, сонда үйіңе ешкім жоламайтын болады" деген екен.
2. Құмарлық түбі - азап,
Адалдық түбі - ләззат.
3. Көзі ашық, көкірегі ояу жігіттер көкірегі ашық, көзі бояу қыздарға қарамайды.
4. Екі адамға кедергі келтіру, тосқауыл қою мүмкін емес:
1) Шын сүйген адамға.
2) Шын сенген адамға.
5. Тілдің ұшы мен жүректің ішін шатастырмайық.
6. Адамның көзі жетпеген жерге ақылы жетеді, ақылы жетпеген кейбір нәрселердің шын екеніне түбінде көзі жетеді.
7. Сөз майын тамызып жазудың бір шарты — көз майын тауыса іздену.
8. Қазақ пен қазақтың қазақша сөйлесуі — сырласу. Қазақ пен қырғыздың қазақша сөйлесуі — мұңдасу. Қазақ пен өзбектікі — ым-жымдасу. Қазақ пен қазақтың орысша сөйлесуі — ырбаңдасу.
© Абай Қалшабек
*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.
2. Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, Кетеміз-ау, әй, кетеміз... пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз.
© Мұқағали Мақатаев
*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*
О, арулар, сәндеп шаш тарағандар,
Жігіттерге биіктен қарамаңдар.
Өмір ұлы көш болса, баяғыдан
Алға тартып келеді ер адамдар.
© Күләш Ахметова
*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*